КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Жадынама

Қамқоршылар кеңесінің өкілеттіктері

 

Білім беру ұйымының қамқоршылар кеңесі:

 

1) білім беру ұйымы оқушылар мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен алынған қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан азаматтарының отбасыларына орналастыру жөніндегі шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымы алған қаржы ресурстарын бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;

7) білім беру саласындағы тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға қамқоршылық кеңес анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына үміткерлермен әңгімелесу нәтижелері бойынша үйлестіреді және хаттамалық шешім қабылдайды;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерінің сапасы туралы, қайырымдылық көмекті пайдалану туралы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру бойынша қабылданған шаралар туралы есептерін тыңдайды;

 10) білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымының оқушылар мен тәрбиеленушілеріне берілетін жағдайлармен танысады, олармен білім беру ұйымының психологтың қатысуымен әңгіме жүргізеді.

 

 

 

 


Текст