Текст
11.09.2026
10 қыркүйек күні КММ «Н. Островский атындағы жалпы білім беретін мектеп» базасында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқау үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша орыс тілі бағыты бойынша 3-орынды 5-сынып оқушысы Бағирова Эсмира иеленді. Жетекшісі – Мұқанбетжанова Р. С.
Ағылшын тілі бағыты бойынша 2-орынды 5-сынып оқушысы Жүнісова Камила иеленді. Жетекшісі – Бағисова Ф. Ж.
Ахметова Амира, Янковая Валерия және Аминов Давид сертификаттармен марапатталды.